КДО-да Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының (Тараз қ.) Акциясы өтті 2020 жылдың 16 қаңтарында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығында Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының (Тараз қ.) кардиологтар мен кардиохирургтар мамандарымен Ашық есік күні өткізілді. Акция барысында, жүрек ауруларымен ауыратын науқастарға тегін тексеру жүргізіліп, дәрігерлік ұсынымдар (кеңестер) берілді.