КДО-ға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған делегация келді Бүгін, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры Айнұр Айыпханова бастаған делегация мүшелері өңіріміздегі медициналық мекемелерде әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығына келді.