«DAMUMED»: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЖЕДЕЛ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК. ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы Жолдауында, медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатындығын айтты. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап көрсеткен болатын. Жолдау бағытымен электронды жүйеге өту мақсатында, «Дамумед» мобильді қосымшасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл мобильді қосымшада халықтың дәрігерге тіркелуде қолжетімділігін көрсетеді.
Сіз, Дамумедке тіркелу үшін www.cit-damu.kz сайтына кіріп,
Емделушінің кабинеті деген нұсқауда өзіңіздің облысынызды таңдайсыз.
Жаңа ашылған парақшада «Тіркеу» баспасын таңдайсыз.
Әрі қарай тіркелу үшін «ЖСН» өрісінде куәлігініздің Жеке Сәйкестіндіру Нөмірін тересіз, ал «Телефон» өрісінде телефон номеріңізді тересіз.
Телефон номерініз тіркелмеген болса, «Телефонды қосу бойынша өтінімді жолдау қажет пе?» деген сілтемені басып, келесі парақшаға өтесіз.
Жаңа парақшада «ЖСН» өрісінде Куәлігініздің Жеке Сәйкестіндіру Нөмірін тересіз, «Телефон» өрісінде телефон номеріңізді теріп, «Жеке куәлік немесе төлқұжат» өрісінде куәлігініздің электронды нұскасын жүктеңіз, одан әрі «Қолдау қызметіне сұрану»-ды басасыз.
Телефон нөміріңізді тіркеп болған соң сіздің телефонынызға 4 санды код нөмірі хабарлама болып келеді. Сол арқылы тіркеуді жалғастырып, құпиясөзін таңдайсыз. Тіркеуді аяқтаған соң, «Кіру» парақшасына кіру үшін, телефон номеріңізді және құпиясөзді тересіз.
Ашылған Жеке Кабинетте өзіңізге ыңғайлы қызметті таңдайсыз. Көрсетілген жағдайда «Қабылдауға жазылу» қызметінің үлгісі көрсетілген.
«Қабылдауға жазылу» қызметі парақшасында + нүктесін басып, жазылу түрін таңдайсыз.
Қабылдау үдерісін аяқтау үшін керекті өрістерді толтырып, «Жазылу» командасын басасыз.
Дамумед қызметі арқылы Сіз, медициналық жедел кызметін пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз.