«COVID-19 және вакцинация туралы» онлайн-конференция өтті
2020 жылдың 8 желтоқсанында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті клиника-диагностика орталығының ұйымдастыруымен, Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым комитетінің мүшесі проф.доктор Режеп Өзтүріктің қатысуымен «COVID-19 және вакцинация туралы» конференция өтті. Конференцияға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы проф., доктор Мухиттин Шимшек, I вице-президент Женгиз Томар, клиника-диагностикалық орталықтың бас дәрігері Осман Ажар және клиника-диагностикалық орталығы мен медицина факультетінің қызметкерлері қатысты.
Онлайн конференцияда Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің пандемиямен күрес жөніндегі Ғылыми кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Режеп Өзтүрік Түркиядағы «COVID-19» пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстарының тәжірибелерімен таныстырды. Режеп Өзтүріктің айтуы бойынша, «COVID-19» вирусына қарсы күресте аурудың диагнозын ерте анықтау, науқасты оқшаулау, ерте емін бастау және лабораториялық диагностика ерекше орын алатындығын, оның ішінде ПЦР тесті арқылы анықтау нақты нәтиже беретіндігін атап өтті. ИФА анализімен иммуноглобуллин G, M анықтағанда, науқасты тексеру барысында эпидемиологиялық анамнезі мен клиникалық белгілерінен кейін ғана тұжырым жасауға болатындығын баяндады.
«COVID-19» инфекциялық ауруының емінде вирусқа қарсы дәрмектер, глюкокортикостероидты, антикоаугулянттар мен антиагареганттарды, витамин Д, С перпараттарымен емдеу және ылғандырылған оттегі терапияларын қолдану, емдеу барысында науқасты тәулік ішінде «prone» позада жатқызу емін және тыныс жаттығуларын дұрыс жүргізу арқылы емдеу әдістерін ұсынды.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу тәжірибесімен бөлісіп, вакцинацияның тиімділігі туралы айтылды. Соңғы кезде Германия, АҚШ, Англия, Қытай, Ресей, Түркия мемлекеттерінде COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың дайындалып, еріктілерден құралған шамамен 20 000-40 000 қатысушылардан тұратын клиникалық сынамалардың өткізіліп жатқанын атап өтті. Ғылыми зерттеу жұмыстары вакцинацияның оң нәтижесін берсе, Түркия мемлекетінде шамамен 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында вакцинациялау басталатынын баяндады.
Профессор, сонымен қатар, қазіргі таңға дейін әлі коронавирусқа қарсы арнайы препараттар анықталмағандықтан, халық арасында вирусты жұқтыру жолдарын алдын-алу шараларын қатаң қадағалау арқылы бұл індеттің таралуымен күресуге болатындығына назар аударды.
«COVID-19» инфекциясының болжамы әлі нақты анықталмағандығы, карантиндік режимнің 2021 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкіндігі, инфекцияның таралуының қарқынды жылдамдықпен өршу кезінде тек дәрігерлер емес, ветеринарлық дәрігерлер мен медицина факультетінде білім алып жүрген болашақ дәрігер студенттерді де вируспен күреске жұмылдыру мүмкіндігі жөніндегі мәселелер де талқыланды.
Конференция соңында «COVID-19» инфекциясы ауыратын науқастарды емдеудің практикалық мәселелері бойынша пікір алмасулармен қорытындыланды.