COVID-19 бойынша төртінші ақпарат алмасу онлайн мәжілісі өтті
2021 жылдың наурыз айының 1 жұлдызы күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес басқармасының төрағасы профессор, доктор Мухиттин ШИМШЕКтің ұйымдастыруымен COVID-19 бойынша төртінші ақпарат алмасу онлайн мәжілісі өтті.
Мәжіліске Қожа Ахмет Ясауи университетінің І вице-президенті, профессор, доктор Женгиз ТОМАР, ХҚТУ-нің клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР және клиника-диагностикалық орталығы мен медицина факультетінің қызметкерлері қатысты.
«COVID-19 инфекциясынан кейінгі кезең және реинфекция» атты баяндамасымен алғашқы болып онлайн-мәжілісті оқытушы, доктор Фатма ЕСЕР бастады. Доктор COVID-19-тан кейінгі симптомдық белгілері мен синдром патофизиологиясын сипаттап, науқастарды жандандыру бөлімінде бақылауды және емдеу барысында ойылудын алдын-алу мақсатында тәулік ішінде дұрыс позицияда жатқызуды ұсынды. Тыныс және дене шынықтыру жаттығуларын біртіндеп дұрыс қосу арқылы емдік шаралар жүргізуге болатындығын түсіндірді. Коронавирустық инфекциядан кейінгі кезеңдегі неврологиялық және психиатриялық мәселелердің шешу жолдарын баяндамасында көрсетті.
«COVID-19 инфекциясы және медицина қызметкерлері» атты баяндамасымен оқытушы, доктор Айше КАЯ КАЛЕМ COVID-19 мәжілісті жалғастырды. Доктордың айтуы бойынша, инфекция адамдар арасында тығыз байланыс пен ауа-тамшы жолмен тез тарағандықтан, медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупі жоғары болады. Сондықтан, күшейтілген сақтық шаралары мен медицина қызметкерлеріне арналған ұсыныстарды айқындап кетті.
Профессор, доктор Рахмет ГҮНЕР «SARS-CoV 2 мутациялары және жағымсыз әсерлері» атты ауқымды баяндамасында неліктен вирустар мутацияға ұшырайтындығын, генетикалық вариациялар уақыт өте келе пайда болатындығын және түрлі сипаттамаларға иеленетіндігі туралы айта өтті.
«COVID-19 вакцинациялау жайлы қазіргі көзқарас» атты баяндамасында оқытушы, доктор Имран ХАСАНОҒЛЫ әлем бойынша вакцинациялау процессіндегі өзекті мәселелер мен сұрақтарды талқылап, белгілі вакциналар туралы мәліметтер ұсынды.
Мәжіліс соңында вакцинациялаудан кейінгі науқастар бойынша ортаға сұрақтар қойылып, клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР мәжіліс спикерлеріне алғысын білдірді.

Tags: COVID, конференция, онлайн