«COVID-19 ақпарат алмасу бойынша үшінші отырыс» өтті
2021 жылдың 16 ақпан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес басқармасының төрағасы профессор, доктор Мухиттин ШИМШЕКтің ұйымдастыруымен COVID-19 ақпарат алмасу бойынша үшінші онлайн отырысы өтті.
Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым комитетінің мүшесі профессор, доктор Рахмет ГҮНЕРдің кәсіби модерациясымен басталған жиналысқа Қожа Ахмет Ясауи университетінің І вице-президенті, профессор, доктор Женгиз ТОМАР, ХҚТУ-нің клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР, медицина факультеті деканы, профессор Ықылас Молдалиев, медицина факультетінің кафедра меңгерушілері, оқытушы-профессор құрамы мен клиника-диагностикалық орталығы қызметкерлері қатысты.
Онлайн-отырыстың алғашқы спикері болып, доцент, доктор Биркан КАЯСЛАН «COVID-19 инфекциясының қазіргі жағдайы» атты презентациясында әлемдегі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинация туралы статистикамен таныстырды. Мемлекеттегі денсаулық сақтау министрлігі тарапынан аурудың алдын-алу шараларын дер кезде ұйымдастыру және диагнозды ерте анықтау нақты нәтиже беретіндігін маңыздылады.
«COVID-19 инфекциясының қарқынды емдеу әдістері» атты баяндамасымен профессор, доктор Севаль ИЗДЕШ COVID-19 инфекциясы туралы ақпараттар мен қарқынды терапия практикасының салыстырмалы талдауларынан алынған мәліметтер арқылы ауру мен өлім көрсеткіштерін азайтуға болатындығы мен науқастың қарқынды бақылауына, дер кезінде қарқынды емдеу бөлімдерінде жасанды өкпе вентиляциясын қосудың тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізді. Сонымен бірге, консервативті емді әр пациенттің ілеспелі ауруларын, жасын ескере отырып, қарқынды консервативті емдеуіне, дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлінсе науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік беретіндігін айтып кетті.
Профессор, доктор Ахмет ГҮЛ «COVID-19 инфекциясының жоғары қабыну реакциясы» атты ауқымды баяндамасында инфекция барысында пайда болатын қабынудың жоғары реакциясының, MAS/цитокиндік және сепсистік белгілерін айрықша зерделеу және тиісті емдеу әдістерін айқындау қажеттілігі, дұрыс препараттарды қажетті уақытта тиісті дозамен емдеу әдістерімен ұтымды пайдалану туралы айта өтті.
Үш спикердің баяндамалары тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, әлемдегі вакцинациялау процесіне назарларын аударды.
Отырыс соңы медицина факультеті деканы, профессор Ы.Молдалиев пен Н.Жұманазаровтың өзекті мәселелер бойынша ортаға сұрақтар қоюларымен және қызметкерлердің пікір алмасуларымен қорытындыланды.
Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР өзінің ойын ортаға салып, онлайн-отырыс модераторы мен спикерлеріне алғысын білдірді.