Тарихы - Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

КЛИНИКА ТАРИХЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің студенттері, түлектері жұмыс істейтін клиника-диагностикалық орталығы Қазақстанда ең алғаш университет жанынан ашылған және облыс бойынша осы заманға сай жабдықтармен жан-жақты жабдықталған клиникалардың бірі болып табылады.
Түркістан халқы және Оңтүстік Қазақстан аймағына қызмет етуге бағытталған клиника-диагносткалық орталық құрылысы 2000 жылы басталып, 2006 жылы аяқталды. Технологияның ең соңғы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген клиника-диагностикалық орталығы 2008 жылдың 1 желтоқсанынан бастап поликлиника бойынша, 2009 жылдың 15 қаңтарынан бастап стационар бойынша қызмет ете бастады.
Орталық хирургия, нейрохирургия, неврология және терапия бөлімінен тұрады. 3 операция бөлімі, 6 орындық реанимациялық бөлім ішінде: компютерлі томография, ультрасонография, 1 дана тұрақты және 1 дана жылжымалы рентген аппараты бар радиология бөлімдері қызмет атқарады. Соңғы технология бойынша жабдықталған лабораторияларда әр түрлі анализ бен талдаулар жасалады. Сонымен қатар, клиникада 12 каналдық ЭКГ, эфорлы ЭКГ, холтер доплер ЕКО, спирограф, электромиограф, электроэнфолограф, компьютерлік видеоофтальмоскоп, авторефрактометр, биомикроскоп, тікелей электрлі офтальмоскоп, ретиноскоп, фокометр, гониосокопия, риноскоп, ЛОР комбайн, операциялық микроскоп, артроскоп, ТУР тағы да басқа заманауи қондырғылармен жабдықталған.
Поликлиникада 25 емханалық бөлме бар және олар күніне 200 қабылдау жүргізе алады. 2012 жылы поликлиникамызда 35 684 адам қаралды, оның 1400 шетелдік азаматтар. Емханадағы жалпы саны 110 жатын орын бар. Оның 80 стационарлық, 20 күндізгі стационар, 6 реанимация және 4 травматологиялық бекет. Операция бөлімі ашылғаннан бері жасалған ота саны 2 811 құрап отыр.

Қ.А.Ясауи атындағы университетінің Клиника-диагностикалық орталығы осы аймақтағы халықтың денсаулық және ем қажеттіліктерін қамтамасыз ету және Қазақстанның денсаулық жүйесінде жаңа бір үлгі қалыптастыру мақсатында құрылды. Клиника-диагностикалық орталық Қазақстанда медицина факультетінің жанында ашылған алғашқы медицина орталығы болып табылады.