Тəжірибе алмасу мақсатында келген дәрігерлермен пресс-конференция өтті Бүгін, Алатау медиа орталығында Өкілеттік кеңестің қолдауымен, Түркия Республикасынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығына тəжірибе алмасу мақсатында келген дәрігерлермен пресс-конференция өтті. Мәжілісте Өкілеттік кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек түркі жастарының ортақ шаңырағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін қолдау мақсатында Өкілеттік кеңес тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстарға тоқталып өтті.