Клиникада «Ашық есік күні» өтті
2020 жылдың 9 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығында «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» мекемесінің (Тараз қ.) кардиолог, кардиохирург дәрігерлердің қатысуымен Ашық есік күні өтті.
Жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын науқастарға тегін тексеру жүргізіліп, дәрігерлік ұсынымдар (кеңестер) берілді. Мамандар әр науқастың жүрек ауруының диагнозын нақтылап, емнің барабар әдісін таңдады. Науқастарды жергілікті жерде мынадай білікті мамандар тегін қарап, УДЗ – Эхокардиографиясымен тексерді:
– ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры, кардиохирург профессор, академик – Сейтхан Жошыбаев;
– жоғары санатты кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты – Жалил Орозобекович Шейшенов;
– жоғары санатты кардиолог, медицина ғылымдарының магистрі – Алмас Таңатарұлы Бегділдаев;
Тараз қаласындағы балалар мен ересектерге кардиохирургиялық қызмет көрсетуде үздіктер қатарынан «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталық» мекемесінде мемлекеттік тапсырыс, қызмет көрсету аясында заманауи оталардың барлық түрлерін есепке ала отырып, жасанды қан айналдыру аппаратын қолдану арқылы жүрекке «жабық» және «ашық» ота жасайды. Бүгінде консультативтік-емдік көмек алу үшін азаматтар елдің басқа өңірлерінен, сондай-ақ Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келіп, осы орталық қызметіне жүгінуде.
Tags: ашық есік күні, кардиолог, Кардиохирургия