14-19 қаңтар аралығында ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығында И.П. Павлов атындағы алғашқы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті медициналық оңалту кафедра ассистенті, физикалық терапевт, эрготерапевт Камаева Ольга Викторовна «Инсульт науқастарды оңалтудағы пәнаралық тәсіл» бағдарламасы бойынша семинар өтуде.

Клиника-диагностикалық орталығында «Инсульт науқастарды оңалтудағы пәнаралық тәсіл» атты өтіп жатқан семинарда Түркістан облысының оңалту, неврология бөлімшелерінің 30 дәрігерлері (дәрігер-невролог, дәрігер-реабилитолог, Емдік Дене Тәрбиесі мамандары, мейірбикелер, логопедтер) қатысуда. Семинардың басты мақсаты оңалту, неврология бөлімшелерінің қызметкерлерін инсульт науқастарына және олардың отбасыларына оңалту көмегін көрсетуде пәнаралық тәсілді үйрету.

Семинар барысында, Камаева Ольга Викторовна түрлі оқыту әдістерін пайдалануда: интерактивті дәрістер, тренингтар, талқылаулар, жағдайларды талдау және тыңдаушылардың өздік жұмыстары. Бағдарлама ұзақтылығы 54 сағат (36 байланыс сағаты, 18 сағат — өздік жұмыс).

Бағдарлама соңында, тыңдаушылар келесі дағдыларға ие болады:
- Науқастың және оның отбасының мәселелерін бағалауда холистикалық тәсіл көрсету;
- Науқастың жағдайын бағалауда және жоспарлауда, көмек көрсетудегі басты теориялық сауалдардың негізін қолдану;
- Тіршілік әрекеті мен денсаулықты шектеу, қызмет істеу
халықаралық топтастыру тұжырымдамасы негізінде сауықтыру диагнозын қоюды үйрену (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 2001); - Оңалтудағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарды қоюды, науқастың мәселелерін командалық талқылауды ие болу;
- Өткізген оңалту емдеулер тиімділігінің бағалауда адекватты жол таңдауды білу.
