АДМИНИСТРАТОР 

Дәуітова Алтынай Бейсенғалиқызы

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

ТІРКЕУ БӨЛІМІ

Тіркеу бөлімі пациенттерді қабылдауды ұйымдастырудағы құрылымдық бөлімшелердің негізі болып табылады. Арнайы оқытылған және тәжірибеден өткен қызметкерлер науқастарды қабылдау және тіркеуде бағыт-бағдар береді. Науқастарды автоматты түрде тіркейтін Aksağlyk жүйесі жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде мағлұматты дер кезінде дәрігерге жеткізеді. Осылайша медициналық құжаттарды рәсімдеудегі қағазбастылық тықысқартады.

Тіркеу бөлімінің мақсаты тіркеу мәселелер жағынан сапалы қызметін көрсету. Денсаулық сақтау бойынша бекітілген контингентке медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту амбулаториялық-емханалық қызметті реформалаудың қазіргі кезеңінде медициналық тіркеушінің стратегиялық бағыты болып табылады. Тіркеу бөлімі жұмысының ең маңызды элементі дәрігер қабылдауына пациенттер жазбасын жүргізу, үйге шақыртуларды тіркеу болып есептелінеді.

  • Емхана жедел жәрдем көмегі IV дәрежелі: +7 (72533) 6-38-35
  • Дәрігердің қабылдауына жазылу: +7 (72533) 6-39-07

Тіркеу бөлімі 1 қабатта орналасқан. Тіркеу бөлімі сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін,үзіліссіз жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының 15 сәуір 2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңының 10 бабы 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек 2009 жылғы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7 бабы 1 тармақшасына сәйкес.