1978 жылы 22 қаңтарда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
1994-1998 жылдар аралығында Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң тарих-филология факультетіне түсіп, тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы біліктілігін алған. Тарих мамандығы бойынша –Магистр 2005 ж. Құқықтану мамандығы бойынша –бакалавр 2008-2010 жж.
1998-1999 жылдар аралығында Түркістан қаласы, №17 М.Әуезов атындағы мектепте тарих пәнінің оқытушысы;
1999-2000 жылдар аралығында Тараз қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы мектепте тарих пәнінің оқытушысы;
2000-2003 жылдар аралығында Түркістан қаласы, С.Ерубаев атындағы мектеп-интернаты тарих пәнінің оқытушысы; 2003-2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің президентінің қабылдау бөлімінде референт қызметінде;
2006-2008 жылдар Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің кадр бөлімінде Аға инспектор қызметінде жұмыс атқарды;
2008 жылдан осы күнге дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Клиника-диагностикалық орталығында мамандар бөлімінің инспекторы;
2011 жылдан бастап аталмыш мекемеде мамандар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.