«Түркия-Қазақстан денсаулық апталығы»
8-14 сәуір аралығындағы «Түркия – Қазақстан Денсаулық апталығына» Түркия елінен 18 дәрігер мамандар келді. Апта барысында Түркия мемлекетінен келген хирург, балалар хирургі, уролог, офтальмолог, пластикалық хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, ЛОР мамандары Tүpкicтaн қалалық балалар ауруханасы, №3 облыстық Перинатальдық орталығы мен Клиника-диагностикалық орталығында науқастарды қабылдап, олардың көрсетпелері бойынша тегін оталар жасап жатыр. Түркістан облысының халқына мынадай оталар жасалынып жатыр:
- Урологиялық: бүйрек кистасы, аденомэктомия, несепағардың тастарын алып тастау, қуықтың тастарын алып тастау, варикоцелэктомия;
- ЛОР: тимпанопластика, ринопластика, мойын кистасы, гаймор қуысы кистасы;
- Хирургиялық: бауыр эхиникокэктомиясы, вентрлік жарық, колостоманы жабу, тиреоидэктомия, шап жарығы, холедохолитиаз, лапароскопиялық холецистоэктомия;
- Офтальмологиялық: катаракта, глаукома, блефаропластика;
- Гинекологиялық: эндоскопиялық хирургияны қолдану арқылы гинекологиялық операцияның барлық түрлері, пластикалық қынаптық операциялар;
- Балалар хирургиясы және пластикалық хирургиялық: илиостоманы жабу, қима жарығы, орхидопиктия, күйіктен кейінгі контрактураны жою;
Түркия елінен келген дәрігер мамандар «Түркия-Қазақстан апталығының» маңыздылығы туралы сұхбат берді.
Науқастар отадан кейін денсаулықтарының дұрыс қалыптасуын айтып, алғыстарын білдірді
Түркістан облысының дәрігерлеріне жасалынып жатқан оталарды тікелей бейнебақылау мұмкіндігі жасалды.
Түркия елінен келген дәрігер мамандар, тек ота жасап қоймай, әрі клиника-диагностикалық орталықтың дәрігерлерімен бірігіп консультациялық қабылдаулар жүргізіп жатыр.
Қожа Ахмет Ясауи университетінің медицина факультетінің клиникалық базасында Түркістан облысының дәрігерлеріне «Радиология», «Шұғыл көмек және ТРИАЖ системасы» бойынша семинар-тренинг, тәжірибе алмасу сабақтары өтілуде.