• Қожа Ахмет Ясауи Университетінің Клиника-диагностикалық орталығы мекемесі
  • +7 (72533) 6-39-07, 6-35-63
  • ayclinic@mail.ru
  • Картада
    MENUMENU
      • Тарихы
      • Миссия
    • Құрылым
      • Басшылық
      • Кадр бөлімі
      • Заң бөлімі
      • Бухгалтерия
      • Сатып алу бөлімі
    • Диагностика
      • Физиотерапия
      • Клиника-биохимиялық лаборатория
      • Функциональдық-диагностикалық
      • Патоморфологиялық қызметтер бөлімі
      • Залалсыздандыру бөлімі
    • Стационар
      • Қабылдау бөлімі
      • Күндізгі стационар бөлімі
      • Жарақат бекеті
      • Нейрореанимация және қарқынды терапия бөлімі
      • Хирургия бөлімі
      • Терапия бөлімі
      • Ерте оңалту бөлімі (Инсульт орталығы)
      • Травматология бөлімі
      • Реанимация бөлімі
      • Гемодиализ бөлімі
      • Қан кабинеті
    • Емхана
      • Тіркеу бөлімі
      • Емхана
      • Емхана Дәрігерлері
      • Прейскурант
    • Хабарландыру
    • Languages
2 декабря, 2020

Түркия елінен КДО-ға дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар келді

«Барлығымызға белгілі, әлемде бір жылдан бері коронавирус дертіне байланысты пандемия жарияланды. Бүкіл әлемде болып жатқандай Қазақстанда да коронавирустың екінші толқыны басталды. Түркістан алғашқы толқынды аса қиындықпен бастан кешірді. Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында Өкілетті Кеңес Төрағасы Проф.Док. Мухиттин Шимшек қолдауымен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен Ахмет Ясауи университеті клиника-диагностикалық орталығына шамамен құны кәзіргі күнге дейін 1 000 000 АҚШ  доллары тұратын маңызды медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер көмек ретінде жіберілді.
Covid-19 салдарынан өлімнің жиі орын алуының себебі — пневмониядан кейін асқынатын тыныс алудың жетіспеушілігі. Өлім себебін азайту үшін желдеткіш аппараттың өмірлік маңызы зор. Түркиядан 10 дана желдеткіш, 20 дана инфузиялық помпа, 13 желдеткіш, 22 инфузиялық помпа келді. Барлығы 13 желдеткіш пен 22 инфузиялық помпасы мен интенсивті терапияға арналған 12 жатақты  реанимация  бөліміміз Түркістан облысының ең маңызды орталығына айналды.
Covid-19 пандемиясы кезінде пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі және басқа да осыған қатысты аурулардың еміне қолданылған дәрі-дәрмектердің маңызы зор. Осы мақсатта әлемнің бірнеше елдерінде және Түркияда қолданылатын тиімді препараттар Oseltamivir және Favipiravir антивирустық дәрілері Covid-19 пневмония қатерін едәуір төмендеткенін зерттеулер көрсетті. Түркиядан келген дәрілердің ішінде 1200 дана Oseltamivir және 2000 дана Favipiravir бар.
Covid-19  пневмония, тыныс алу жетіспеушілігінің еміне антибиотиктер мен гепарин терапиясының қолданылуының маңызы өте зор.  Келген дәрі-дәрмектердің ішінде 18.000 дана  антибиотиктер мен 3.000 дана Heparin қамтамасыз етіліп отыр.
Келген дәрі-дәрмектердің ішінде Covid-19 еміне қажетті 10.000 дана Vitamin-C және дене қызуын  түсіру үшін қолданатын 2.000 дана Parasetemol жеткізілді.
Клиникамызға жеткізілген дәрі-дәрмектердің  Түркістан халқының денсаулығы үшін Covid-19-ға қарсы күресте зор септігін тигізеді деген ойдамын.
Пандемия кезінде қауіпті жағдайда қызметкерлеріміз өз міндеттерін адалдықпен атқарды. Covid-19 салдарынан қайтыс болған  дәрігерлерімізге иманды болсын дей келе, Алланың рақымын сұрап дұға етеміз. Қызметкерлеріміздің денсаулығы Covid-19-қа қарсы күресте біз үшін өте маңызды. Қауіпті жағдайда қызметкерлерімізді сақтандыру  мақсатында клиникамызға  Түркиядан  100.000 дана үш қабатты бетперде мен 10.000 дана комбинизон жеткізілді. Сонымен қатар, клиникамыздың әкімшілік тарапынан қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі үшін барлық тиісті сақтық шаралары жасалып жатыр.
Түркиядан Covid-19-бен күресу үшін тағы басқа медициналық құрал-жабдықтар:  5 EKG, 5 Ritim Holter, 4 Aspiratör, 3 Koter, 1 Spirometri және жүктілікті бақылауда өте маңызды 2 дана феталды мониторинг келіп жетті.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  клиника-диагностикалық орталығы қажетті медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер және мамандармен Covid-19 екінші толқынына дайынбыз.
Түркістанда Covid-19-ға байланысты науқастар болмасын деген ниет-тілекпен бүкіл Түркістан халқын Covid-19 пандемиясымен күресуде әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, тазалық ережелерін мұқият ұстануға шақырамын, осы арқылы  адамдар дәрігерлерге барынша қолдау көрсететін болады.
Қысқа мерзім  ішінде екінші рет қолдау көрсеткен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне, осы көмектің жасалуына үлес қосқан Өкілетті Кеңес Төрағасы Проф.Док. Мухиттин Шимшекке алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы көмектің клиникамызға жеткізілуіне атсалысқан университет ректоры Проф.Док. Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловке, Ректор өкілі (І. Вице-президент) Проф.Док. Женгиз Томарға, вице-президент Доц.Док. Пусат Пилтенге және университетіміздің басқа да қызметкерлеріне  алғысымды  айтамын.» — Құрметпен, Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар

 

Post a comment

Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Search

Жаңалықтар

Тəжірибе алмасу мақсатында келген дәрігерлермен пресс-конференция өтті

1 маусым балалар күніне орай өткізілген іс-шара

«Балалар денсаулығының жағдайы» атты онлайн-конференция өтті

Кезекті донор күні өтті

96 жастағы науқасқа эндопротездеу жасалынды

Новости

«Damumed»: Медициналық қызметке жедел қолжетімділік

«Damumed»: мгновенный доступ к медицинским услугам

Тəжірибе алмасу мақсатында келген дәрігерлермен пресс-конференция өтті

1 маусым балалар күніне орай өткізілген іс-шара

«Балалар денсаулығының жағдайы» атты онлайн-конференция өтті

Кезекті донор күні өтті

96 жастағы науқасқа эндопротездеу жасалынды

  • БАСШЫЛЫҚ
  • МИССИЯ
  • ТАРИХ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАС ДӘРІГЕР БАҒАНЫ

БІЗ ТУРАЛЫ

Клиника-диагностикалық қызмет көрсету орталығы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті клиника-диагностикалық орталығының (КДО) құрылымдық бөлімшесі болып табылады

  • Руководство
  • Mиссия
  • История
  • Колонка главного врача

О НАС

Центр клинико-диагностической службы является структурным подразделением Клинико-диагностического центра Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А. Ясави

  • Хабарласыңыз

    +7 (72533) 6-39-07, 6-35-63

  • Жұмыс уақыты

    8:00 - 24:00

  • Біздің почта

    ayclinic@mail.ru

© Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиникасы | 2019