Түркия дәрігерлері оталар жасап, семинар-сабақтар өткізді
Клиника-диагностикалық орталығында 2019 жылдың 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Түркия мемлекеті Жерехпаша медицина университетінің профессоры — доктор Харун Жансыз және доценті — доктор Зеки Эткин Йылмаз клиникада құлақ, мұрын, тамақ аурулармен ауыратын науқастарға кеңес беріп, оталар жасады.
Ал Түркия мемлекеті Гази университеті жұқпалы аурулар факультетінің профессоры — доктор Мурат Дизбай клиникада Гепатит В,С, АҚТҚ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы семинар-сабақтар өткізді.