Түркиялық дәрігерлер тәжірибе алмасады
25 наурыз мен 24 сәуір аралығында Түркістан облысына Түркиядан келген дәрігерлер, профессорлар «Бірлікте жоғары нәтижеге қол жеткіземіз-4» жоба аясында ХҚТУ медицина факультетінің студенттеріне дәріс береді, әрі клиникада тәжірибе алмасуда түрлі тегін оталар жасап, кеңестерін береді. Қазіргі таңда, Түркия медициналық туризм саласындаға жетекші елдердің бірі болып танылуда. Түркия медициналық емханаларының қызмет көрсету сапасын ескеріп, көрші елдер мен Еуропаның мыңдаған халқы емделуге ай сайын келеді.
Клиникада дәрігерлерге, профессорларға оталар барысын қашықтықтан бақылау, операциялық араласу кезеңдерінің бейнежазбасын жүргізу және хирургиялық оталарды онлайн режимінде трансляциялау мүмкіндігі болады. Шетелдік білікті мамандардан дәрігерлеріміз жаңа технологияның қыр-сырын меңгеріп, шеберліктерін шыңдауға мол мүмкіндік туып отыр.