2004-2011 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде Медицина факультетін бітірді.
2011-2013 жылдары аталған университеттің «Невропатология, оның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураны аяқтады.
2013 – 2016 жылдары 6D110100 – Медицина мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, 2018 жылы Алматы қаласындағы С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың неврологиялық және соматикалық ерекшеліктері» атты тақырыбында докторлық диссертацияны сәтті қорғады.
2016 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығы ерте оңалту бөлімінде бөлім меңгерушісінің қызметін атқаруда.