Тромбэктомия, біріктірілген флебэктомия, минифлебэктомия оталары жасалынып жатыр
Клиника-диагностикалық орталығымызда Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург), Латвия елдерінде біліктілігін жетілдірген қан-тамыр хирургі маманымыз Султанов Ануар Хабибуллаевичпен тромбэктомия, біріктірілген флебэктомия, минифлебэктомия, варикозды тамырларды мининвазивті әдіспен жою және терең веналардың тромбозында жасалатын — феморальді венаның пликациясы сияқты күрделі оталар жиі жасалынып жатыр.
Тромбэктомия, тромбэмболэктомия сияқты оталар — тромбты жоюға көзделген;
Флебоэктомия – төменгі немесе жоғарғы бөліктің варикозды венасының зарарланған аймағын алу. Бұл варикозды веналарды жоюға бағытталған жай-күйді түзетудің заманауи, төменгі-жарақаттық әдістерін қамтитын кең санат.