БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Ахаев Қуат Сейдуллаұлы
Дәрігер-травматолог-ортопед

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: ayclinic@mail.ru

ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІ

Травматология бөлімшесі 17 төсек орнымен жабдықталған. Бөлімшеде 7 мамандандырылған дәрігер, 6 мейірбике және 6 кіші қызметкер жұмыс істейді. Бөлімшенің құрамына: травматология, офтальмология, нейрохирургия кіреді.

Әр палатада санитарлық бөлмесі, ыстық сумен жабдықталған. Бөлімшеде төсек орындары функциональды арайы жарық орындармен, қажетті құрал саймандармен толық қамтылған.

Қазіргі таңда травматология бөлімінде тірек-қимыл жүйесіне, жедел жарақат және оның салдарынан пайда болған ақауларға ота жасалынады. Дәрігер травматологтар ересектерге жоғары мамандандырылған медициналық көмекті, оталарды, манипуляцияларды, диагностикалық зерттеулердің соңғы тәсілдерін қолданып емдеу жұмыстарын жоспарлы жүргізеді. Білім жетілдіру мақсатында Түркия мемлекеті мамандарымен тәжірибе алмастыра отырып травматология бөлімшесінде ота түрлері жасалынады.