1974 жылы 12 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Отбасылы.
1989-1992 жылдары Түркістан қаласында Түркістан медициналық училищесінде мейірбике мамандығын оқып бітірген. Қазіргі уақытта жоғарғы категориялы мейірбике.
1992-1993 жылдары Түркістан аудандық Туберкулез диспансерде мейірбике қызметін атқарған.
1993-2009 жылдары Түркістан орталық қалалық ауруханасында терапия бөлімінде мейірбике,Түркістан ауданаралық МӘСК-ның аға мейірбикесі, мейірбике қызметін атқарған.
18.02.2011ж.-18.03.2011ж. аралығында Түркия мемлекетінде Қырыққала қаласында жоғары мамандандырылған ауруханада терапия бөлімінде;
21.10.2013ж.-20.12.2013ж. аралығында Түркия мемлекетінде Анкара қаласында ГАЗИ Университетінде гемодиализ орталығында тәжірибе жинаған.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Клиника диагностикалық орталығы бас дәрігері жыл таңдауы «Ең үздік мейірбике» номинациясымен марапатталған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ректоры Ясауи «Ясауи» төс белгісімен марапатталған.
2009 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Клиника диагностикалық орталығында мейірбике, бас мейірбике көмекшісі қызметін атқарып келеді.