БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Шаймерденов Лесхан Әбдіжаппарұлы
Жоғары дәрежелі дәрігер, хирург

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: leshan-71@mail.ru

ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ КДО хирургия бөлімшесінде 16 төсек орнымен жабдықталған. Бөлімшеде 5 мамандандырылған дәрігер, 5 мейірбике және 4 кіші қызмекер, 1 шаруа бикесі қызмет атқарады. Хирургия бөлімшесі құрамына: жалпы  хирургия, оториноларингология, урология кіреді.
Дәрігер хирургтар ересектерге  және балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті, оталарды, манипуляцияларды, диагностикалық зерттеулердің соңғы тәсілдерін қолданып емдеу жұмыстарын жоспарлы жүргізеді.
ХҚТУ-нің жалпы хирургия кафедрасының оқытушы-профессор құрамымен тығыз жұмыс атқарады. Білім жетілдіру мақсатында Түркия  мемлекеті мамандарымен  тәжірибе алмастыра отырып хирургия бөлімшесінде ота түрлері  жасалынады.
Ашық түрдегі және Лапароскопиялық оталар. (Өкпе,бауыр,көкбауыр және іш қуысы ағзаларының эхинококкты аурулары; өт-тас ауруларын лапароскопиялық жолмен алу; жарықтардың барлық түрі).