БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Табынбаев Ерболат Жақыпұлы
Жоғары санатты дәрігер-реаниматолог
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Табынбаев Ерболат Жақыпұлы
Жоғары санатты дәрігер-реаниматолог
ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07
e-mail: erbolat-tabinbayev@mail.ru
РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМІ
Жансақтау бөлімшесі 2009 жылы клиника ішінен құрылып, 6 төсек орнынан тұрады, әр төсек орны жекелеген — науқасты бақылау мониторымен, өкпенің жасанды желдеткіш аппаратымен, орталықтандырылған ауамен қамтамассыз ету жүйесімен және орталықтандырылған вакуум-аспирациялық жүйемен қамтамассыз етілген. Бөлімше тәулік бойы шұғыл және жоспарлы түрде түскен ауыр халдегі, өміріне қауіп туғызатын ауытқулары бар науқастарға заманауи емдеу әдістерін қолдана отырып стандартқа сай арнайы мамандандырылған көмек көрсетеді.
Бөлімшеде штатқа сәйкес 3 дәрігер, 3 бекеттік медбике, 3 анестезист медбикесі, 1 штат шаруашылық бикесі, 3 штат кіші медицина қызметкері жұмыс атқарады. Дәрігерлер Түркия мемлекетінің ГАТА, Гази секілді алдыңғы қатарлы университет клиникаларында білімін жетілдірген.
Бөлімшеде 3 ота жасау бөлмесі бар. Әр бөлме заманауи ота жасау үстелімен, жекелеген наркоз беруге арналған құрылғылармен, электрокоагуляторлармен қамтамасыз етілген.
Клиникада: хиургиялық, урологиялық, ортопедия – травматологиялық оталар, нейрохирургиялық, оториноларингологиялық оталар, гинекологиялық, офтальмологиялық оталардың заманауи әдістерімен, түрлерін қолдана отырып оталар жасалады.
Бөлімшеде жансаздандырудың жалпы және жергілікті түрлері жүргізіледі.
Жалпы анестезия түрлері
Жергілікті және аймақтық анестезия түрлері. Қол-білек аймағына
Аяқ-балтыр аймағына жасалатын оталарда кең қолданылатын жансыздандыру әдістері