медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-офтальмолог
Тел: +7 (72533) 6-39-07
mail: maira1981@mail.ru
БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ
1981 жылы 4 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген.
1997-2003 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінде «Емдеу ісі» мамандығын бітірген.
2003-2004 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінде Шымкент қаласында интернатураны «Хирургия» саласы бойынша бітірген.
2004-2011 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде Жалпы хирургия кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасаған.
2007 жылы Түркия Республикасы Анкара қаласында Гулхане Әскери медициналық академиясында «Көз ауруларының диагностикасы» тақырыбында біліктілік арттыру курсын оқып келген.
2007 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Офтальмология» мамандығын Алматы қаласында Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында біліктілігін арттырған.
2008 жылынан бастап Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінің Клиника диагностикалық орталығының ашылуына байланысты, сол мекемеге дәрігер офтальмолог қызметін оқытушылық қызметпен қатар алып жүрген.
2008 жылы «Түркі тілдес офтальмологтар ассоциациясының мүшесі» ретінде Түркия Республикасына тіркелді. Тіркелген жылдан бастап жыл сайын Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференияларға белсенді аудармашы қызметін атқарып келеді.
2010 жылы хирургия саласы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаған. Қазіргі күнге дейін 3 дәрігер офтальмологтың тәжірибелік жетекшісі және 1 шәкірті –резидентурада оқиды. Бүгінгі күнге дейін 27- ғылыми мақалалары, 3 -оқу құралы, 4- оқу әдістемелік құралдар және 1 электрондық инновациялық оқулығы жарық көрген.
2012 -2013 жылдар аралығында Түркия Республикасы Анкара қаласында Йылдырым Бейазит университетінің Ататүрік ғылыми зерттеу клиникасында «Көз микрохирургиясы» бойынша біліктілік арттырды.
2013 жылдан бастап Клиника-диагностикалық орталықтың көз микрохируриясын қолға алып, көз патологиясының әртүрлі оталарын іске асыруда. Атап айтқанда: катарактаға, глаукомаға оталар жасауда. окулопластикалық оталар: блефаропластика, дакриоцисториностомия және оған силикон түтігін енгізу, эктропион мен энтропионды түзету отасы, трихиаз ауруын лазерлік күйдіру отасы, халазионэктомия, птригиумэктомияны аутопластикасымен жасауды, ксантелезманы алу, жас балаларда көз жас жолдарын қалыптастыру оталары және т.б.с.с);
2014-2015 жылдары аралығында Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінің Ғылыми координациялық кеңесінің хатшысы қызметінде жұмыс жасаған.
2014-2016 жылдары аралығында негізгі штатта Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Клиника диагностикалық орталығының «Нейрохирургия» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2016 жылы Алматы қаласы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Көз микрохирургиясы» циклы бойынша біліктілік жетілдірді.
Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
2019 жылы Түркістан қалалық ересектер емханасында бас дәрігер орынбасары қызметін атқарған.
2019 -2020 жылдар аралығында Көз аурулар ғылыми зерттеу институты Шымкент филиалының директоры қызметінде жұмыс жасаған.
Қазіргі таңда, Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде хирургиялық аурулар кафедрасында медицина ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы, аға оқытушы және ХҚТУ клиника диагностикалық орталығында бас дәрігер орынбасары қызметін атқаруда.