Орталық Азиядағы тәжірибелі нейрохирург Туйчибей мастер класс өткізді
Орталық Азиядағы ең тәжірибелі нейрохирургтардың бірі Абдуллаев Туйчибей Мансурхонович клиника-диагностикалық орталығымыздың білікті нейрохирург маманы Дуйсебеков Еркин Шойбековичпен тригеминальді невралгия диагнозы қойылған науқасқа нервтің лазерлік деневрациясын сәтті жасап шықты.
Абдуллаев Туйчибей Мансурхонович клиникамызға дәрігерлерге мастер-класс көрсету үшін, клиникамызда жиі түрлі нейрохирургиялық оталар жасап тұрады. Туйчибей Мансурхоновичтың клиникалық тәжірибесі — 15 жыл, шет елдерінде – 4500, Қазақстанда – 10 000 неврологиялық науқастарға кеңес берген. Бүгіңгі таңда, елімізде 1500-ден астам нейрохирургиялық оталар жасады. Түйчибей жүргізген бірегей оталардың түрлері:
1. Орталық Азиядағы науқастың санасы ояу кезінде миға жасалған алғашқы ота.
2. Ми түзілімдерінің стереотактикалық ине биопсиясы.
3. Гипофиз аденомасын эндоскопиялық алып тастау.
4. Гамма пышақты қолдану арқылы ота жасалынатын науқастарға кеңес беру.
5. Арқаның ауыруына қарсы интрадискальді инъекция.
6. Омыртқааралық импланттарды орнату (жарақаттар, онкология кезінде).
7. Гидроцефалияны емдеу (ересектер, балалар).