БАС ДӘРІГЕР ОРЫНБАСАРЫ САПА БОЙЫНША Мустафаев Ерлан Алдабергенұлы Жоғары санатты дәрігер
ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07
e-mail: erlan-mustafaev@mail.ru
БАС ДӘРІГЕР ОРЫНБАСАРЫ САПА БОЙЫНША
1979 жылы наурыз айының 17 жұлдызында Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Кентау қаласы №19 Алия Молдағұлова атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
1996 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Медицина факультеті Емдеу ісі мамандығына түсіп, 2002 жылы дәрігер мамандығын алды.
2002-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Медицина факультетінің интернатура Анестезиология — реаниматология мамандығы бойынша біліктілігін артты. Шымкент қалалық Жедел жәрдем ауруханасы.
2003-2005 жылдар аралығында ОҚО, Шымкент қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Клиникасы № 2 Анестезиология-Реанимация бөлімінде анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметін атқарды.
2004 жылы — Павлодар қаласы, Семей мемлекеттік медицина академиясы «Анестезиология-Реаниматология» бойынша біліктілігін жетілдірді.
2005 жылы — Шымкент қаласы, Облыстық Кардиологиялық Орталығы «Кардиореанимация өзекті мәселелері» бойынша біліктілігін жетілдірді.
2005-2008 жылдары Түркістан облысы, Кентау қалалық орталық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметін атқарды.
2007 жылы — Туркия Республикасы, Анкара, ГАТА «Анестезиология-Реаниматология» бойынша біліктілігін жетілдірді.
2008 жылы — Павлодар қаласы, Семей мемлекеттік медицина академиясы «Шұғыл жағдайдағы реанимациялық көмек» бойынша біліктілігін жетілдірді. 2008 жылы «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша Шымкент қаласында дәрігерлік саннатты жоғарылату бойынша құжат тапсырып, «ІІ саннатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог» санаттығын алды.
2008-2016 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-Диагностикалық орталығының Анестезиология-Реанимация және опер.блок бөлімінің меңгерушісі, I санатты дәрігер қызметін атқарды.
2009 жылы Туркия Республикасы, Кириккале клиникасы, «Анестезиология-Реаниматология» бойынша біліктілігін жетілдірді.
2010 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультетінде Жалпы хирургия кафедрасында қосалқы қызметте оқытушы болып жұмыс атқарады.
2011 жылы Астана қаласы, Нейрохирургия ғылыми — зерттеу орталығы «Бас ми жарақаты кезіндегі өзекті мәселелер» бойынша біліктілігін жетілдірді.
2012 жылы «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша Шымкент қаласында дәрігерлік саннатты жоғарылату бойынша құжат тапсырып, «І саннатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог» санаттығын алды.
2016 жылдан — қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-Диагностикалық Орталығының, Өңірлік инсульт орталығы, Нейрореанимация бөлімінің меңгерушісі, I санатты дәрігер қызметін атқаруда.
2018 жылы «Анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша Шымкент қаласында дәрігерлік саннатты жоғарылату бойынша құжат тапсырып, «Жоғары саннатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог» санаттығын алды.
2019 жылдан — қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-Диагностикалық Орталығының Бас дәрігер орынбасары сапа бойынша қызметін атқаруда.