БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Мирзаев Фуркат Зиявиддинович Дәрігер-нефролог
ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07
e-mail: ayclinic@mail.ru
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
1989 жылы наурыз айының 23 жұлдызында Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
2004-2008 жылдары Түркістан Жоғары Медицина колледжіне түсіп, «Емдеу ісі» мамандығын алды.
2009-2014 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Медицина факультетінің бакалавриат «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алып, жоғары көрсеткіштермен бітірді.
2014-2016 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Медицина факультетінің интернатура «Терапия» мамандығы бойынша Шымкент ХҚТУ клиникасында біліктілігін арттырды.
2016-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Нефрология» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.
2018 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін «Премиум» диализ орталығында дәрігер-нефролог қызметін атқарды.
2018 жылдың қазан айынан бастап — қазіргі уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-Диагностикалық Орталығының, Гемодиализ бөлімінің меңгерушісі, дәрігер -нефролог қызметін атқаруда.