«Медиация және медициналық құқық мәселелері» бойынша семинар өтті
2019 жылдың 14-16 қыркүйек аралығында «Нұр-Сұлтан қаласы тәуелсіз медициналық сарапшылардың аумақтық қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырылуымен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығында «Медиация және медициналық құқық мәселелері» бойынша семинар оқу өтті.
Семинардың мақсаты медиация жұмысын оңтайландыру арқылы медицина саласында дәрігерлердің медиациялық дағды ерекшеліктері, медициналық көмек кезінде келіспеушілікті немесе дау тудыратын сұрақтарды шешуде екі жақ тараптарды бітімгерлікке шақыру әдістері туралы мағұлмат беру болып табылады.
Семинарға Түркістан қаласының медициналық мекемелерінің қызметкерлері, заңгерлері қатысты. Семинар барысында қатысушылар медициналық медиацияның жүргізілу тәртібіне қойылатын талаптарға қатысты пікірлерін айтып, талқылады. Оқу нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Tags: медиация, медицинская