1967 жылдың 14 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданы Бабайқорған селосында дүниеге келген.
1974-1984 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының №229 «Абазтөбе» орта мектебін үздік бітірген.
1984-1986 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Қарағанды есеп-кредит техникумының «Мемлекеттік банкісінің есеп» мамандығы бойынша білім алған.
1986-1987 жылдар аралығында Қызылорда мемлекеттік банкісінің облыстық конторында экономист болып қызмет атқарған.
1987-1991 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында қосымша білім алған.
1991-1995 жылдар аралығында Түркістан коммерциялық банкісінде бухгалтер, аға ревизор қызметтерін атқарған.
1995-1997 жылдар аралығында Түркістан коммерциялық банкісінің Кентау бөлімшесінде бас бухгалтер болып жұмыс жасады.
1997-1999 жылдар аралығында Ескі-Сауран өңдірістік кооперативінде бухгалтер қызметін атқарған.
2000-2005 жылдар аралығында Түркістан қалалық қазынашылық бөлімінде бас маман-бас қазынашысы болып жұмыс жасады.
2005-2007 жылдары Түркістан қалалық қазынашылық бөлімінде төлемдерді бақылау секторының меңгерушісі қызметін атқарған.
2007-2008 жылдары Түркістан қалалық қазынашылық бөлімінінің құжаттарды қабылдау тобының бас маман-бас қазынашысы болып жұмыс жасады.
2008-2009 жылдары Түркістан қалалық қазынашылық басқармасы алдын-ала бақылау, қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету, және төлем шоттарын еңгізу бөлімінің бастығы, құжаттарды қабылдау тобының бас маман-бас қазынашысы қызметтерін атқарған.
2009-2010 жылдары құжаттарды қабылдау тобының бас маман-бас қазынашысы қызметін атқарған.
2010-2015 жылдары Түркістан қалалық қазынашылық басқармасы алдын-ала бақылау тобының бас маман-бас қазынашысы ретінде жұмыс жасаған.
2015-2016 жылдары Түркістан қалалық қазынашылық басқармасы төлемдерді алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы болып жұмыс жасады.
2016 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығының бас бухгалтер қызметін қазіргі танда атқаруда.