Клиника бас дәрігері «AVICENNA» алтын медалімен марапатталды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, ҚР Қорғаныс министрілігінен парламент депутаты, Халық қаһарманы, ҚР ҚМ және Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ХҚТУ клиника-диагностика орталығының бас дәрігері Осман Ажарды денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «AVICENNA» мерекелік алтын медалімен марапаттады.
Осман Ажар Клиника-диагностика орталығының бас дәрігері болып тағайындалғалы клиникада кадрлық өзгерістер орын алып, білікті дәрігерлермен толықты. Сонымен қатар заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен де жабдықталуда.