ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Түркиядан гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстанда, Түркістан қаласында COVID-19 індетімен ауырған науқас саны көбеюне байланысты, пандемиямен күрес аясында, гуманитарлық көмек ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұхиттин ШИМШЕК, Түркия елінен ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығына медициналық жабдықтар мен материалдар жіберді.
Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиника-диагностикалық орталығына келген медициналық материалдардың тізімі
Жабдықтар / Материалдар | Саны | Жабдықтар / Материалдар | Саны |
Пульсоксиметр | 70 | Трахеостомиялық каннула 7,5 мм | 50 |
Инфузиялық сорғылар жиынтығы | 1000 | Матрас | 25 |
Инфузиялық сорғы | 2 | Спирометр | 1 |
Термометр | 15 | Медициналық Аспиратор | 3 |
Оттегі маскасы | 250 | Тамшыға арналған Штатив | 250 |
Мұрындық оттегі каннуласы | 250 | 5 мл Шприц | 3000 |
Бір рет қолданылатын комбинезон | 300 | 10 мл Шприц | 3000 |
Маска №95 (FFP3) | 500 | 20 мл Шприц | 3000 |
Хирургиялық Маска | 2500 | Медициналық жүйе (тамшылатқыш үшін) | 2500 |
Қорғаныс маскасы | 75 | Бір реттік операциялық алжапқыш | 250 |
Медициналық қолғаптар | 2000 | Жалпы хирургия пакеттері | 250 |
Хирургиялық қолғаптар | 1000 | Қауіпсіздік көзілдірігі | 50 |
Трахеостомиялық каннула 7,0 мм | 50 |
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет президенті Болатбек Абдрасилов, I вице-президенті Женгиз Томар клиника-диагностикалық орталықтың жаңа бағытта дамуы — университеттің басым бағыттарының бірі және Клиника потенциалын арттыруға көмек көрсету елеулі екендігі туралы атап өтті.
ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұхиттин Шимшекке, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет президенті Болатбек Абдрасиловқа, I вице-президенті Женгиз Томарға алғысын білдірді. Осман Ажар қазіргі таңда еліміздегі коронавирус індетіне байланысты медицина қызметкерлері жұмысының маңыздылығы туралы айта кетті.