1968 жылы Қызыл Орда облысының Жанақорған ауданы Бесарық селосында дүниеге келген.
1985 жылы Туркестан облысы Ленин атындағы мектепті бітіріп. 1987 жылы Туркестан медициналық колледжді қызыл дипломмен бітірген. 1987 жылы Алматы медициналық институтының педиатрия факультетіне түсіп, 1993 жылы бітірген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы университетін медицина факультетінің патологиялык анатомия кафедрасында ассистент қызметін аткарған.
1997 жылдан бастап Шымкент қаласындагы Қ.А.Ясауи атындағы медицина факультетінің терапия кафедрасында ассистент қызметін атқарған. 2006 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындагы клиника емханасында жасөспірімдер дәрігері болған. 2011-2012 жылдары емхана менгерушісі қызметін аткарған. 2013-2015 жылдары директордың сараптама жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдан бері Түркестан қаласы Қ.А. Ясауи клиника-диагностикалык орталығында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Терапия бойынша бірінші санатты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 2 санатты дәрігер. Отбасылы.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиника-диагностикалық орталығының ұжымы көп жылдық оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктерін ескере отырып, бас дәрігердің орынбасары Кенжетаева Лаурия Елтайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.