1976 жылы желтоқсан айының 6 жұлдызында Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1993-2000 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясында емдеу ісі мамандығын бітірген.
2000-2001 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясында интернатураны Жалпы Дәрігерлік Тәжірибе мамандығы бойынша аяқтаған.
2002-2014 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттік амбулатория емханасында жоғары санатты дәрігер-терапевт қызметінде жұмыс атқарған.
2014 жылдан бастап дәрігер-реабилитолог, физиотерапевт және Физиотерапия бөлімінің меңгерушісі болып, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығында жұмыс істейді.
2014 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында Медициналық оңалту, қалпына келтіру емі (физиотерапия, терапиялық дене шынықтыру, курортология)(ересек, балалар) мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2016 жылы ҚДСЖМ Қазақстандық медицина университетінде «АМСК деңгейіндегі медициналық оңалтуда инновациялық технологиялар» циклі бойынша қосымша білім алды.
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Оңалту және инсульттен кейін науқасқа қарау» циклі бойынша қосымша білім алды.