Кезекті донор күні өтті
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиника-диагностикалық орталығында кезекті донор күні өтті.
Шараның мақсаты – адамдардың назарын осы гумандық іске аудару болып табылады. Осыған орай, КДО қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды.
Дені сау адам үшін қан беру – жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі. Иммундық жүйе жұмысын да жақсартады.
Донорлық қандар облыстағы сұраныс бойынша, түрлі гемолитикалық аурумен сырқат балаларға, әйелдерге және жол апатынан зардап шеккендерге құйылады. Осындай іс-шаралардың өтуі қаншама жандардың өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосады.