КДО-ға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған делегация келді
Бүгін, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің директоры Айнұр Айыпханова бастаған делегация мүшелері өңіріміздегі медициналық мекемелерде әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығына келді.
Делегация өкілдері клиниканы аралап, тіркеу бөлімінің жұмысы арқылы пациенттердің құқығын және сақтандырылғандығы жөнінде ақпаратты тексеріп көрді. Дәлірек, делегация құрамы науқастар үшін бейінді мамандар қызметінің қаншалықты қолжетімді екенін бірыңғай КМИС жүйесі арқылы тексерді. Сондай-ақ емханада медициналық қызмет көрсететін бейінді мамандардың жұмыс кестесін бақылап, қабылдау бөліміндегі ТРИАЖ жүйесімен, оңалту бөлімінде инсульттан кейін ем қабылдап жатқан науқастардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, жұмыс тобы клиниканың гемодиализ бөлімінде медициналық қызметтердің көрсетілу барысын бақылады.
КДО мекемесін аралау кезінде емхананың МӘМС жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын екенін мекеме қызметкерлері көрсетті.
КДО мекемесі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 01.01.2020 жылдан бастап еңгізіліп, клиникаға келген халықтың ыңғайлығы үшін МӘМС жүйесі бойынша арнайы терминалдар жұмыс істеп тұр.
Дәрігерлер мен мейірбекелер осы тақырып бойынша ХҚТУ-дан біліктілігін арттырды. Арнайы мамандырылған бөлімнен консультация ала алады.
Клиника қабырғаларына МӘМС туралы стендтер ілініп, монитор арқылы роликтер көрсетілуде. Тіркеу бөлімі мен қабылдау бөлімінде пациенттер үшін брошуралар қойылған. Құжат айналымы КМИС бағдарламасы бойынша жүргізілуде.