КДО-да «Қан тапсырда, өмір бер» атты донор күні өтті
24 желтоқсан 2019 жылы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырмасымен, Шымкент қалалық қан орталығы Түркістан филиалының кестесіне сәйкес, ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығында кезекті донор күні өтті. Шараның мақсаты – адамдардың назарын осы гумандық іске аудару болып табылады.
Осыған орай, КДО қызметкерлері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды. Дені сау адам үшін қан беру — физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Донор болудың ешқандай зияны жоқ, — дейді мамандар. Қан тапсыру барысында қолданатын құралдар — бір реттік. Олар дәл қан тапсыру алдында жаңадан ашылады. Ал, донор болуға ықылас білдіргеннің ағзасы регенерация үдерістерінің өтуіне байланысты жасарады. Әрі, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі. Иммундық жүйе жұмысын да жақсартады.
Әрбір адам өмірінде бір рет донор болуы тиіс. Себебі, өз денсаулығы жайында мәліметті ақысыз түрде алады. Мысалы ВИЧ, гепатит В,С, мерез таңбалағыштарының өз қанының құрамында бар-жоғын анықтау орта есеппен бір айлық еңбекақы көлемінде болады. Егер донор болсаңыз, онда өзіңізге және жақын туыстарыңызға қажеттілік туындаған кезде қан компоненттерін алуға кепілдеме беріледі.
Қан орталығынан шақырылған мамандар гемоглобин деңгейін, қан тобын, жоғары артериалды қысымы бар, гемоглобині төмен пациенттерді анықтау мақсатында резус-факторды анықтау үшін донорларға қан талдауын жүргізді.
Донорлық қандар облыстағы сұраныс бойынша, түрлі гемолитикалық аурумен сырқат балаларға, әйелдерге және жол апатынан зардап шеккендерге құйылады.