КДО-да тәуелсіздік күніне офтальмологиялық мастер класс оталары өтті
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының дәрігерлері 11 науқасқа офтальмологиялық мастер класс оталар жасады. Клиниканың бас дәрігері, хирург офтальмолог Осман Ажар, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог Майра Сейсенбаева және жоғары санатты дәрігер-офтальмолог Байгабулов Марат катарактаны емдеу бойынша акция өткізді. Көз дәрігерлері отаны катарактаны емдеуде соңғы заманауи микрохирургиялық факоэмульсификация әдісімен жасады. Қазіргі уақытта, отадан кейінгі науқастардың жағдайы бір қалыпты.