КДО-да инсульт ауруына қарсы ашық есік күні өтті
Дүниежүзілік инсульт күніне орайластырылған, «Біліңіз-ұзақ өмір сүріңіз!» ұранымен Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы маманының ұйымдастыруымен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы емханасының невропатолог-дәрігер қабылдауында ашық есік күні өтті. Сонымен қатар, инсульт оңалту орталығының инсульт денсаулық мектебінде дәрігерлер және жаттықтырушы мамандары бірлесіп келушілерге мастер класс көрсетті.
Шараның мақсаты – халық арасында инсульттың алдын алып, алғашқы жәрдемді көрсету және түсіндіру. Ашық есік күні барысында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, темекі, ішімдіктің ағзаға тигізетін зиянды жақтары тұралы айтылып, парақшалар тарқатылып видеороликтер көрсетілді, келушілер тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.
Дер кезінде профилактикалық шара қолдану аурудың жолын кесетіні сөзсіз. Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес ұйымымен 2006 жылы 29 қазан аталған ауруға қарсы күрес күні болып жарияланған болатын. Содан бері ақ халаттылар барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ашық есік күні аясында дәрігерлік көмек көрсетуде.