БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Иманкулова Раушан Гайбуллакызы УДЗ дәрігер
ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07
e-mail: ayclinic@mail.ru
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
1987 жылы қаңтар айының 14 жұлдызында Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
2004-2010 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің медицина факультетінде оқыған.
2010-2011 жылдары Нұрсултан қаласында «Астана Медицина Университетінде» интернатураны өткен. Диплом бойынша мамандығы — хирург.
2011 жылы Алматы қаласы АО «КазМУНО» мекемесінде Радиолог (МРТ, КТ, УДЗ, Рентген) мамандығын игеріп, қосымша Павлодар, Астана, Шымкент калаларында білімін шыңдаған.
2011-2018 жылдар аралығында Түркістан облысы, «Талғат Клиникасы» мекемесінде дәрігер-Хирург, Радиолог (МРТ және КТ) мамандықтары бойынша жұмыс атқарған.
2017-2018 жылдары «Талғат Емханасы» мекемесінде Бас дәрігер міндеттін атқарған.
2014 жылдан бастап — қазіргі уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Клиника-диагностикалық орталығының «Радиология» бөлімінде дәрігер-радиолог маманы болып жұмыс атқарып, қазіргі таңда сол орталықта «Функционалдық Сәулелі Диагностика» бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарады.
Әскери қызметке міндетті. Әскери атағы –лейтенант.