Заң бөлімі - Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

КЛИНИКА ЗАҢГЕРІ

Жұмабеков Бекжан Бауыржанұлы

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: ayclinic@mail.ru

ЗАҢ БӨЛІМІ

Заң бөлімі ХҚТУ КДО маңызды бөлімдерінің бірі болып саналады. Бөлімнің негізгі бағыттары клиниканың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау, ішкі нормативтік актілердің, шарттардың, қарсылықтар мен талап арыздар жобаларының сапасын арттыру, заңға сәйкестігін тексеру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістерді үнемі қадағалап отыру мен талдау жасау. Заң бөлімінің негізгі мақсаты болып, клиника қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау жатады.

Заң бөлімінің міндеттері:

  • • ХҚТУ КДО құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • • заңдық мәні бар жасалатын іс-әрекеттердің заңдылығын сақтауды бақылау;
  • • құқықтық сипаттағы мәліметтермен ақпараттық және консультациялық қамтамасыз ету;
  • • ішкі нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу немесе басқа құрылымдық бөлімдермен бірігіп белгіленген актілерді дайындауға қатысу.