«ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу» бойынша семинар
«Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық ортылығында медицина қызметкерлері арасында ҚР ДСжӘДМ-нің 23.06.2015 жылғы №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының орындалуы және жұмыс орнында АИТВ-инфекциясын жұқтырып алмау шаралары тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинарда ҚР ДСжӘДМ-нің 23.06.2015 жылғы №508 бұйрығының орындалуы үшін қандай шаралар қажеттілігі туралы баяндалды. Семинар халық арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары бойынша ақпараттық деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
«Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы»-ның эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Тиленшиев Назарали Рахманалиевич, профилактикалық жұмыстар бөлім меңгерушісі Орынбаев Жанәлі Шералыұлы және дәрігер-эпидемиологтар Кумашев Б., Адамбек А. семинар қатысушыларға облыстағы және еліміздегі АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы туралы презентациялар ұсынып, ақпараттық парақшалар таратты. Семинар соңында, түрлі сұрақтар бойынша талдау жүргізілді.