БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Ермаханова Жанар Акбарқызы І санатты терапевт-кардиолог
ТЕЛ: +7 (72533) 6-36-31
e-mail: j-jangirkhan@mail.ru
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
1986-1997 жылдары ОҚО, Түркістан ауданы, Қозмезгіл елді мекенінің «Қызыл Әскер»атындағы жалпы орта мектебін Үздік бітірген.
1997-2003 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінде «Емдеу ісі» мамандығын Үздік дипломмен бітірген.
2003-2004 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Медицина факультетінде Шымкент қаласында интернатураны «Терапия» саласы бойынша бітірген.
2004-2007 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде Адам анатомиясы және физиологиясы кафедрасында гистология пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2004-2007 жылдар аралығында Кентау қалалық Жедел жәрдем стансасында «Жол бойы дәрігері» қызметін қосымша атқарған.
2007-2008 жылдар аралығында ҚР, Алматы қаласы, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «Клиникаға кіріспе» кафедрасында Клиникаға кіріспе пәнінің пән оқытушысы қызметін атқарған.
2008-2011 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде «Терапия» кафедрасында ішкі аурулар пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2011 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ КДО дәрігер-кардиолог қызметін атқаруда.
2012 жылдан бастап «Талғат» клиникасының «Терапия» бөлімінде «Кезекші-терапевт» қызметін қосымша атқаруда.
2018 жылдан бастап А.Ясауи атындағы ХҚТУ КДО қабылдау бөлімшесінің бөлім меңгерушісі қызметін атқаруда.
27.09.2006-21.10.2006 жж. «Терапия»мамандығы бойынша Алматы қаласы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілікті жетілдіру институтында «Избранные вопросы терапии» 144 сағат біліктілігін арттырған.
05.04.2007-06.06.2007 жж. «Кардиология» мамандығы бойынша Алматы қаласында Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында 312 сағат біліктілігін арттырған.
15.09.2009-28.12.2010 жж. Түркия Мемлекеті, Анкара қаласы, Хажеттепе университетінің Кардиология бөлімінде «Кардиология» мамандығы бойынша біліктілігін арттырған.
01.09.2011-01.07.2013 жж. Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде «Медицина» мамандығы бойынша магистратураны тамамдаған.
31.07.2012-25.08.2012 жж. «Кардиология» мамандығы бойынша Алматы қаласында Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында «Клиникалық эхокардиография» бойынша 216 сағат біліктілігін арттырған.
29.01.2018-10.06.2018 жж. «Терапия» мамандығы бойынша Шымкент қаласында «Даму» медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында 108 сағат біліктілігін арттырған.
12.02.2018-24.02.2018 жж. Халықаралық қазақ-түрік университетінің Үздіксіз білім беру институтында «Терапия» мамандығы бойынша 108 сағат біліктілігін арттырған.