Құрметті, Түркістан қаласының тұрғындары!
2019 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасы Түркістан қаласының тұрғындарына кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде еркін тіркелу жүргізілуде.
Тіркелу үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Клиника-диагностикалық орталығы» мекемесінің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышында және халыққа қызмет көрсету орталығында немесе www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле аласыз.
Өзінізбен бірге жеке куәлік, балалар үшін туу туралы куәлік болуы керек.
Клиника-диагностикалық орталық, 01.01.2020 жылдан бастап, Сізге келесі
медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:
1. Бейінді мамандар: нейрохирург, хирург, травматолог, невропатолог,
уролог, нефролог, оториноларинголог
2. Диагностикалық зерттеулер: УДЗ, рентген, МРТ, ЭЭГ, ЭКГ, ФГДС
3. Клиника-Лабораториялық зерттеулер
4. Үйде қызмет көрсету
5. Егуді жүргізу
6. Балаларды, жаңа туған нәрестелерді және жүкті әйелдерді патронаждау
7. Күндізгі және тәулік бойы стационарға жоспарлы емдеуге бағыттау
8. Бекітілген аурулар тізбесі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
9. Еңбекке жарамсыздық парағын беру
Біздің мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефонға хабарласыңыз: 87014361213
ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ!


