Құрметті, Түркістан қаласының тұрғындары! 15 қыркүйектен бастап азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту науқанын ашық деп жариялаймыз. Сіздер тұрғылықты немесе уақытша тұратын жеріңіз бойынша, жұмыс, оқу орныңызға жақын немесе қалауыңыз бойынша емханаға, дәрігерлік амбулаторияға еркін тіркеле аласыздар.
Ол үшін Сізде бар болғаны жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Ал егер тұрғылықты жеріңізді өзгерткен жағдайда, өз еркіңізбен тіркелу жөнінде өтініш жазуыңыз қажет.
Науқан кезінде бекітілген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызмет көрсету 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, ал бұл уақытқа дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті ағымдағы жылы бекітілген МСАК ұйымында аласыздар.
Бұл науқан Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына негізделеді. Сіздер бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады.
Науқан 15 қарашаға дейін созылады…pdf