«Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларының алдын алу» ашық есік күні
Қарашаның 19-ы күні ХҚТУ КДО емханасында Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларының алдын алу күні аясында терапевт дәрігері Нуржанова Н. бөлмесінде ашық есік күндері өтті. Ашық есік күннің мақсаты — ауру туралы мәліметтерді кеңінен таратып, науқастарға көрсетілетін көмекті жақсарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің ағзаға зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Айта кетсек, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру, ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық Қауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
Ашық күнге байланысты, емханаға келушілер алдымен ДДБ бой, салмақ, қан қысымдары өлшеніп дәрігер бөлмесінде қабылдауда болды. Терапевтқа келушілерге алдағы уақытта осы дертке шалдыққан науқастармен режим, диета, дене белсенділік жәнеде салауатты өмір салтын ұстану керектігі туралы кеңестер берілді.
Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер үйлестірушісі Г. Нуруллаева салауатты өмір салтын насихаттап келуші науқастарға және студенттерге кеңес беріп, ақпараттық таным материалдар, парақшалар берілді. Осы тақырыпта холлдарда, коридорда күтіп отырған келушілерге Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларының алдын алу алғашқы белгілері шағымдары әсіресе жас балаларда қалай байқалатындығы туралы, бейнеролик арқылы көрсетілді.