Бауыр эхинококк кистасын дренаждау отасы сәтті өтті
Клиника-диагностикалық орталығымыздың білікті хирург мамандары, жоғары дәрежелі дәрігер-хирург Шаймерденов Лесхан Абдижаппарович және І-ші дәрежелі дәрігер-радиолог Мустафаев Асанәлі Тауасарұлы мини-инвазивті әдіспен рентгентеледидар және ультрадыбыс көмегімен тері және бауыр арқылы бауыр эхинококк кистасын дренаждау отасын сәтті жасап шығуда. Бұл ота жергілікті анестезиямен кесусіз жасалынды.
Түркия, Анкара, Йылдырым Баязит университетінде 2 жыл біліктілігін арттырған, дәрігер-радиолог Мустафаев Асанәлі Тауасарұлы Түркістан облысы бойынша мини инвазивтік эндоскопиялық оталарды кесусіз жасайтын жалғыз дәрігер.
Мұндай оталардың артықшылықтары айқын — манипуляциялар кесусіз жасалады, ота кезінде және отадан кейінгі кезең ауырсыну минималды деңгейде және отадан кейінгі қалпына келу процесі тез, қысқа мерзімде жеңіл болады.