«Балалар денсаулығының жағдайы» атты онлайн-конференция өтті
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті клиника-диагностика орталығының ұйымдастыруымен, Түркия Республикасының балалар нефрологиясы бойынша маманы, дәрігер, академик. проф.доктор Енвер ХАСАНОҒЛҰның қатысуымен «Балалар денсаулығының жағдайы» атты конференциясы өтті.
Конференцияға Қожа Ахмет Ясауи университетінің I вице-президенті Женгиз ТОМАР, ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР және клиника-диагностикалық орталығының қызметкерлері қатысты.
Проф.доктор Енвер ХАСАНОҒЛҰ өзінің ауқымды баяндамасында Түркия Республикасы мен әлем бойынша балалар денсаулығына қатысты салыстырмалы түрде статистикалар деректерімен таныстырды. Ауыл, қала арасындағы өлімінің айырмашылығын, ауру, өлім факторларын және ана мен бала арасындағы күтім туралы талдау жүргізді. Балалар өлімінің ата-ананың білім деңгейіне байланысты екендігін де атап өтті. Алайда, қазіргі таңда, Іnternational pediatric association – Әлемдегі ең ірі балалар денсаулық сақтау мекемесі баланың денсаулығын жақсартуға барынша қызмет ететінін мәлімдеді.
Онлайн-конференция балалар арасындағы иммунизациялау мен вакцинациялау маңыздылығы бойынша қорытындыланды.
Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман АЖАР өзінің ойын ортаға салып, профессорге алғысын білдірді.