БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Аскарова Салтанат Сейілбекқызы Жоғарғы санатты дәрігер, м.ғ.к, терапевт
ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07
e-mail: askarovas@mail.ru
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
1988 жылы орта мектепті бітірген соң, 1989-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітіріп, терапевт дәрігер мамандығын алды.
1996-2000 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының №1 ішкі аурулар кафедрасында оқытушы-ассистент қызметін атқарды.
2001-2007 жылдары Түркістан қаласында «Санитас» клиникасында терапевт-дәрігер болып жұмыс жасады.
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан академиясында «Ревмокардиология сұрақтары» және 2003 жылы «Клиникалық ЭКГ», 2011жылы «Терапияның өзекті мәселелері» деген курстармен біліктілігін көтерді.
2004-2006 жылдары 14.00.05-ішкі аурулар шифрі бойынша Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де аспирантура бітірді.
2007 жылдан бастап қазірге дейін бойынша Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің терапия кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасайды.
2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің аттестациялық комиссиясынан 1 категория және 2012 жылы жоғары категория берілді.
2010 жылы «Риск развития сердечно-сосудистых заболеваний и сахарного диабета 2 типа и их коррекция при абдоминальном ожирении» деген тақырыпта 14.00.05-ішкі аурулар шифрі бойынша Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кандидатттық диссертация қорғады.
2010 жылдан қазірге дейін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті клиникасының терапия бөлімшесінде бөлім меңгерушілік қызметін атқарады.