Артериялық-веноздық фистуланы салу отасы сәтті өтті
Клиника-диагностикалық орталығымызда, артериялық-веноздық фистуланы салу отасы сәтті өтті. Күрделі отаны білікті қан-тамыр хирургі маманымыз Султанов Ануар Хабибуллаевич жасады.
Гемодиализ үшін артериялық-веноздық фистуланы салу — бүйректі алмастыратын терапия сеанстарын жүргізу үшін тамырлы қол жетімділікті хирургиялық қалыптастыру. Қазіргі уақытта бұл әдіс тұрақты гемодиализ үшін жағдай жасау кезінде қолайлы болып саналады.