Алғашқы рет артериовенозды мальформацияға ота жасалынды
Түркістан қаласында алғашқы рет артериовенозды мальформация диагнозы қойылған науқасқа күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалынды. Бұл отаны Түркия мемлекеті Стамбул қаласында біліктілігін арттырған клиника-диагностикалық орталығымыздың ІІ-санатты нейрохирург маманы Дуйсебеков Еркин Шойбекович клиника-диагностикалық орталығы қызметкерлеріне шеберлік сағаты ретінде жасап шықты.
Артериовенозды мальформацияны эмболизациялау жоғары технологиялық оталар тізіміне жататындықтан ол нейрохирургтер тәжірибесінде сирек кездесетін өте күрделі оталардың бірі. Адам өмірін сақтап қалуда мұндай оталар ерекше әрі өте күрделі саналатыны белгілі.
Клиника-диагностикалық орталығы қызметкерлерінің дағдыларын жетілдіру мақсатында, көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігерлермен кәсіби деңгейде барлық қажетті шеберлік сағаттары мен халықаралық конференцияларды үздіксіз өткізіп тұрады.