Кадр бөлімі - Қожа Ахмет Ясауи университетінің клиникасы

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Қасаболатова Ақмарал Сағатқызы
тарих ғылымының магистры

ТЕЛ: +7 (72533) 6-39-07

e-mail: kasabolatova@mail.ru

КАДР БӨЛІМІ

Кадр бөлімі Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеті клиникасының маңызды бөлімі болып табылады. Бөлімнің басты міндеті клиниканың қызмет атқаратын әрбір маманның жеке іс-қағаздарын реттеп, жүргізіп отырып, персонал құрамының сапалы және кәсіби өзегін қалыптастыру болып табылады. Клиника құрылған уақыттан бастап, құрылымдық бөлімдер, қызметкерлер жайлы толық ақпараттар осы бөлімнің мұрағатында жақсы күйде сақталып келе жатыр.

Бөлімнің басты міндеттері мен құқығы:

  • – Бөлімді, сондай-ақ, кадр бөлімі кіретін бөлімшелерді басқару;
  • – Кадр құрамының сапасы мен саны жөніндегі базаны қалыптастыра отырып, ұйымның мақсаты, стратегиясы және саласына байланысты тиісті мамандықтағы біліктілігі жоғары кадрмен қамтамасыз ету жұмыстарын басшылықтың тапсырмасымен басқару;
  • – Ұйымның кадрлық саясаты мен стратегиясын талдауға қатысу. Кадрларды олардың біліктіліктері, жеке басы және іскерлік қасиеттеріне қарай жинау, таңдау және орналастыру жұмысына қатысу, қызметкерлерді ұйым бөлімшелерінде дұрыс қолдана білуді басшылықпен бірлесе отырып шешу;
  • – Тиісті басшылармен бірлесе отырып ұйым қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, аттестация нәтижесін талдауға қатысу, аттестация комиссиясы шешімін орындау іс-шараларын талдау, қайталап тексеруге жататын мамандар құрамын анықтау.